RU
Әділдік жоқ: Томирис Байсафаның жұмбақ өлімін жабуға кімдер мүдделі?
Жаңалықтар Қоғам

Әділдік жоқ: Томирис Байсафаның жұмбақ өлімін жабуға кімдер мүдделі?

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде бір жарым ай бұрын халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы терезеден құлап қаза тапқан Томирис Байсафаның ісі сұйылып барады. Сондықтан бұл оқиғаға еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі де кірісті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Томирис Байсафа

Томирис Байсафа

Омбудсмен Динара Оспанова ресейлік әріптесіне өтініш жолдап, істі бақылауға алуын сұрап отыр.

"Тергеу жұмысы бір жақты жүргізіліп жатыр. Процессуалдық бұзушылық немесе дұрыс жөнді өтпей жатқаны туралы біраз ақпарат бар. Сол жайында адам құқықтары жөніндегі Ресейдегі уәкіл тиісті түрде осы фактілерді өз бақылауына тексеруіне алын сұрадық", - дейді Адам құқықтарын қорғау ұлттық орталығының басқарма басшысы Динара Оспанова.

Телеарнаның мәліметінше, ресейлік тергеушілер болса, Томирис Байсафа "өзіне қол салды" деген тоқтамға иланып отыр. Оның үстіне "адам өлімі" деп іс қозғаған полицейлер, бапты үш рет өзгерткен.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның анасы Бас прокуратурадан да көмек сұрап, ресейлік әріптестерінен істі әділ жүргізуін талап еткен-ді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір