RU
Қарағандыда ауызашардан кейін 20 адам ауруханадан бір-ақ шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда ауызашардан кейін 20 адам ауруханадан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда ауызашарға барған 20 адам ұшынып ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр үшеуін тіпті жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: islamosfera.ru

Иллюстрациялық фото: islamosfera.ru

Осыдан үш күн бұрын ауызышарға шақырылығандар қазір бүк түсіп аурухана төсектерінде жатыр. Барлығы да сол отырыстан кейін өздерін жайсыз сезініпті. Ересектердің ағзасы алғашында сыр бермесе, кішкентай балалардың бірден іші өтіп, ыстығы көтерілген.

"Ең бірінші менің бауырымның 6 жастағы баласы реанимацияға түсті. Сондан кейін менің 5-тегі қызым ауырды. Ақырында 20 адам жаттық осында", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Құндыз Ақеділова.

Дәрігерлердің мәлметінше, қазір барлығына тиісінше ем-дом жасалып жатыр екен. Сондықтан қатты алаңдауға негіз жоқ дейді.

Ал ауызашарға елді жинаған үй иелерінің айтуынша, базардан алынған еттен ұшындық деп отыр.

Дегенмен мамандар сараптама қорытындысын күтіп, 20 адамның нақты неден уланғанын анықтайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
4
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір