RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауыл болып, жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, шығыста жауын-шашын, найзағай, дауыл болып, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: kazhydromet.kz
Фото: kazhydromet.kz: UGC

Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, түнде кей жерлерде екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Ақтөбе облыстарының, таңертең және күндіз Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Түнде Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734243-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-dauyl-bolyp-zabyr-zauady.html