RU
Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Ермек Беделбайұлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.

Ермек Көшербаев бірнеше жылдар бойы түрлі мемлекеттік қызметті абыроймен атқарды.

Ол Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан президенті әкімшілігінде, үкіметте, сыртқы істер министрлігінде және "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да жұмыс істеген. Сондай-ақ біршама уақыт "Ертіс" ұлттық компаниясы АҚ-да басшылық қызметте болған.

2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан ауыл-шаруашылығы вице-министрі қызметін алды.

Бұған қоса, Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Ал Данияр Вагапов Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel