RU
Қызылордада көпірдің үстімен жолды кесіп өткен сиырлар жұртты таңырқатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада көпірдің үстімен жолды кесіп өткен сиырлар жұртты таңырқатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қызылордалық сиырлар адамдарша заңға бағынып, үлкен жолды кесіп өту үшін үшінші қабатқа баспалдақпен көтерілген. Осылайша көпірдің үстімен жүріп, қауіпсіздікті барынша сақтаған жануарлар жұртты таң етті деп жазады NUR.KZ.

Facebook желісінде жарияланған видеожазбада малшының айдауымен бірнеше сиырдың жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқанын байқауға болады. Ол "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында Қызылордадан екі шақырым жерде түсірілген.

Сиырлардың биіктікте түк болмағандай жүріп бара жатқанына қарап, бұл көпірмен өту үйреншікті жағдай болып кеткен бе деген ой келеді.

Видеоны көрген желі қолданушылары "сиырлар жаяу жүргіншілерге қарағанда 80 пайыз ақылдырақ" дегенді айтуда. Ал кейбірі үй жануарының ережені бұзбай жүргеніне таңғалғанын жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір