RU
Алматыда лифтке қамалған зейнеткер өлім аузынан қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда лифтке қамалған зейнеткер өлім аузынан қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда егде жастағы азамат лифтіде бесінші қабаттан төмен құлдилап, тұрғын үйдің жертөлесінен бір-ақ шыққан. Абырой болғанда ол дін аман деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда лифтке қамалған зейнеткер. КТК арнасынан скриншот

Алматыда лифтке қамалған зейнеткер. КТК арнасынан скриншот

Ал лифтке жауапты мекеме бұл жайтқа зейнеткердің өзін кінәлап отыр. Құтқарушыларды күтудің орнына, жедел сатыны сындырып, сыртқа шыққан дейді. Тіпті, шығын көлемін өндіруді талап етпек.

Оқыс жағдайға тап болған Байболат Баймаханбет лифтке қамалған сәтті қорқынышты түстей есіне алады.

"Ойымда ештеңе жоқ, бесінші қабатты бастым. Көтеріліп келе жатырмыз, төртінші қабатқа барғанда лифт тоқтап қалды. Диктордың түсініксіз шет тілде даусы шықты. Түсінбедім. Сосын лифт төмен түсті. Есікті тоқылдатып, құтқарыңдар деп айғайладым", - дейді зейнеткер Байболат Баймаханбет.

Жарты сағат жатып, көмек болмаған соң Байболат есікті итеріп амалдап лифттен өзі шығады. Бірақ одан жағдай оңалмапты. Жеделсаты істемейді, ал сыртқа шығатын есік жабық болғандықтан, ол жертөледе қамалып тағы біраз жатқан.

Лифт бүгінде техникалық тексеріске байланысты тоқтап тұр. Қашан қосылатыны белгісіз. 17 қабатты тұрғын үй пайдалануға былтыр ғана берілген. Әлі парикнгі де толық жөнделіп бітпепті.

Сырты жылтырап жатқанмен үйдің лифті алғашқы күннен-ақ дұрыс істемейді екен.

"Бұл енді апта сайын бұзылып тұрады ғой. Тоқтап қалады. Әйелім бар, екіқабат, 10 қабатқа түсіп-шығу қиын", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ажан Шадат.

Жедел сатының жұмысына жауапты компания бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Негізі лифт ешқашан да құламайды. Оны ұстайтын құралдар болады. Кешегі лифтте болған жағдайда ер кісі өз еркімен шығам деп өзіне кедергі ұйымдастырды. Диспетчерге хабарласып, өз-өзін ұстап, күтуі керек еді", - дейді LIFT-ENGINEERING компаниясының заңгері Рамазан Сейдаш.

Алматыда 3,5 мың лифт болса оның 1,5 мыңы жөндеуді қажет етеді екен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel