RU
Павлодарда өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған ер адам ақталып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған ер адам ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Павлодарда өткен жылдың күзінде 30 жастағы Виталий Дикальчук бес жастағы бүлдіршінмен жыныстық қатынасқа түсуге әрекеттенді деген күдікпен қамалған болатын. Сот оны кінәсіз деп тапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Қыз. Көрнекі фото: mgazeta.by

Қыз. Көрнекі фото: mgazeta.by

Бес жасар қыз өзіне өгей әкесінің азғындық жасағанын атасына айтып берген. Мұны естіген оның туған әкесі бұл туралы бірден полицияға хабарлапты.

Содан кейін қамауға алынған 30 жастағы ер адам тергеушілерге өгей қызына қол тигізбенін жеткізеді.

Бүлдіршін болса, кейін шешесіне өзіне өгей әкесі емес, туған атасының тиіскенін айтады. Ал мұндай сұмдыққа бармағанын алға тартқан қария бұрынғы келінін «жала жапты» деп айыптап, прокуратураға қарсы шағым түсірген болатын .

Ақыры бұл іске қатысты бірнеше сараптама тағайындалып, сол арқылы бүлдіршінге еш азғындық жасалмағаны дәлелденді.

Ал балақаймен сөйлескен психологтар оған қысым жасалғанын анықтапты. Сөйтсе, тараптар қалағаныңды сатып әпереміз деп қызға дегендерін жасатып келген.

Нақты дәлелдердің болмауына байланысты сот 30 жастағы Дикальчукты кінәсіз деп танып, оның қолынан кісен сот залында шешілді.

Соттың бұл шешіміне наразылықтарын білдерген қыздың туыстары енді оны бұздыруға шағымданамыз деп отыр.

"Соттың бұл үкімімен мүлдем келіспеймін. Өйткені айыпталушының қызыммен жыныстық қатынасқа түсуге әрекеттенгеніне қатысты дәлелдеріміз бар. Бірақ сот оларға мән бермеді. Бұл шешімді бұздыртамыз. Баламды жәбірлеген бұл оңбаған жауапқа тартылуы тиіс", - дейді бүлдіршіннің туған әкесі Анатолий Кудинский.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel