RU

Ғалымдар жүрек талмасын болдырмау үшін не істеу керектігін анықтады

Швециядағы Каролин университетінің ғалымдары жүргізген бірегей зерттеу барсыныда, жаңғақ жеу жүрек соғысының бұзылу қаупін 18%-ға төмендететіні анықталды. Мамандар аптасына үш мәрте жаңғақ жеп тұруға кеңес беруде деп хабарлайды eg.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eg.ru
Фото: eg.ru: UGC

Ғалымдар алты мыңнан астам шведтіктердің күнделікті тамақтану мәзірін зерттеп, ондағы жаңғақ пен жүрек талмасының байланысын барынша анықтауға тырысқан.

Ауқымды зерттеу нәтижесінде, аптасына үш рет жаңғақ жеуді әдетке айналдыратын адамдарда жүрек ритмі қалыпты болып шыққан. Яғни, жаңғақ арқасында жүрек соғысының бұзылу қауіпі 18%-ға азайып кетті.

Ал жүрек ритмінің қалыпты тұрғыда болуы өз кезегінде жүрек талмасы мен түрлі ауыр дерттерді болдырмайды.

Жаңғақты жиі қолданатын адамдарда жүрек талмасына шалдығу өте сирек кездескен. Сонымен қатар, жаңғаққа деген махаббат инсульт, инфаркт секілді аурулардың алдын алуда таптырмас әдіс саналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734256-galymdar-zrek-talmasyn-boldyrmau-sin-ne-isteu-kerektigin-anyktady.html