RU
Таразда "Геленваген" жүргізушісі ағашқа соғылып, қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Таразда "Геленваген" жүргізушісі ағашқа соғылып, қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Таразда "Геленваген" көлігін тізгіндеген 27 жастағы азамат қатты жылдамдықпен ағашқа соғылып көз жұмды. Бұл туарлы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеодан кадр: КТК

Видеодан кадр: КТК

Қайғылы оқиға сенбі күні орын алған. Апатқа ұшыраған көлік ішінде марқұм болған азаматтан бөлек тағы үш адам болды. Олардың қол-аяғы сынып, ауруханаға түскен. Енді үш адамның екеуіне бүгін ота жасалатын болды.

Ес-түзсіз жатқан жүргізушіні аударылған көліктен куәгерлер алып шығып, бетіне су бүркіп есін жидыруға әрекеттенген. Сөйтіп, дереу жедел жәрдемге хабар береді. Алайда олар келіп жеткенше қансыраған жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы оқиға Байзақ батыр көшесінде болған. Куәгерлердің сөзінше, көлік өте қатты жылдамдықпен жүйткіп келіп, жол жиегіндегі талды соғыпты. Болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

"Жол апатынан үш науқас әкелінді. Біреуінің ашық аяқ жілігі сынған. Оған түнде ота жасалды, қазіргі жағдайы қалыпты. Өміріне қауіп жоқ. Басқа әкелінген екі науқастың екеуінің де қолы сынған. Жағдайлары қалыпты. Отаға дайындалып жатыр", - дейді №1 аурухана жарақат бөлімінің меңгерушісі Ерлан Түлеев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel