RU
Баласына фашист-диктатордың есімін берген ата-ана сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Калейдоскоп

Баласына фашист-диктатордың есімін берген ата-ана сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Италияда баласына фашист-диктатор Бенито Муссолинидің атын берген ата-ана сот алдында жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бенито Муссолини. Фото: calendie.ru

Бенито Муссолини. Фото: calendie.ru

Ерекше есім Генуя қаласының басшылығын алаңдатып қойды. Шенеуніктердің пікірінше, бұл ұл баланың алдағы өміріне теріс әсер етуі мүмкін.

Алайда, оның ата-анасы фашистің табынушысы емеспіз деп отыр. Олар Италияда қалыптасқан дәстүр бойынша сәбиге атасының есімін бергенін айтуда.

Бір жасар баланың есімін мәжбүрлі түрде өзгерту мүмкін бе, жоқ па, әлі белгісіз.

Айта кетейік, осыған дейін Францияның Тулуз қаласында отбасылық жұп ұлына Джихад деген есім берген. Осыдан кейін ата-анасы сот отырыстарына қатысып, соңы даулы іске айналған еді.

Ал Бенито Муссолини - Италиядағы фашизмның негізін қалаушылардың бірі, 1922-1943 жылдар аралығында елді басқарған Ұлттық фашистік партияның көшбасшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel