RU
Темекіні құшырлана тартқан оқушы өмірімен қош айтыса жаздады
Жаңалықтар Әлемде

Темекіні құшырлана тартқан оқушы өмірімен қош айтыса жаздады

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Уэльс қаласында оқушы қарапайым темекінің ішіне салынған "спайс" атты синтетикалық есірткіден зардап шекті деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото.

Көрнекі фото.

Жасөспірімнің анасы, 31 жастағы Джейд баласын таңертең нашар күйінде тауып алды. Ол сөйлеуге шамасы болмаған ұлын Бридженд қаласының ауруханасына апарған.

Джейд темекіге "ойын үшін" синтетикалық есірткіні салып жіберген адамды білетін болып шықты. Кінәлі тұлғаның кім екендігі анықталмады.

11 жасар Логан отадан кейін палатада бір тәулікке жуық уақыт жатқан. Оянғаннан кейін есірткіні қалай қолданғанын еске түсіре алмай, дәрігерлерге айғайлап, тістеген.

"Ол зомби секілді болды. Ішіне құбыжық кіріп кеткендей елестеді маған", - деді өз сөзінде Логанның анасы.

Ол Ұлыбританияның түрмелерінде темекі қоспаларының кең тарағанына ашулы екенін жеткізді.

Спайс - есікрткі қоспасы. Оны жақсы көретіндер психопатологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір