RU
Әйелінің пәктігіне күмән келтірген тәжік жігіті ұятқа қалды
Жаңалықтар Әлемде

Әйелінің пәктігіне күмән келтірген тәжік жігіті ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда қалыңдығының пәктігін дәрігер арқылы тексертуін доғармай жүрген күйеу жігіттер тағы да дау тудырды. Хатлонның сот-медициналық сараптама орталығына соңғы төрт айда 12 бойжеткеннің пәктігі тексерілуге жіберілген деп жазады centralasian.org.

Қалыңдық. Көрнекі фото: centralasian.org

Қалыңдық. Көрнекі фото: centralasian.org

Хатлон облысы сот-медициналық сараптама орталығының директоры Суннатулло Зугуровтың айтуынша, кейде ерлердің талабы негізсіз болады және олар бұл жағдай бойжеткен үшін қаншалықты психологиялық тұрғыдан ауыр екенін түсінбейді.

«Бізге екі жас келген кезде, қалыңдықпен және күйеу жігітпен жеке-жеке сөйлесеміз. Кейбірі біздің ақылымызға құлақ асады да, кері қайтады. Мүлдем түсінбейтін ер адамдар да болады», - дейді Зугуров.

Мәселен, 28 жастағы Вахш жазығының тұрғыны Майсара биыл 14 сәуірде тұрмысқа шыққан. Бірақ бақытты отбасылық өмірі екі-ақ күнге созылыпты.

Күйеуі оның пәктігіне күмәнданып, орталыққа тексеруге екі рет жіберген. Екі тексеру кезінде де, қыздың пәктігі орнында болыпты. Алайда қорлыққа шыдамаған қалыңдық жігітпен бірге тұрғысы келмей, кетіп қалған.

"Ант қабылдаудан басталған бірлескен өмір өмір емес деп есептеймін. Ол мені анам және сіңлілерімнің алдында психологиялық тұрғыдан кемсітті. Мен аяғына жығылып, жыладым. Ол екі рет мені сараптама орталығына алып барды", - дейді Майсара.

Тәжікстанның дәстүрлі қоғамында бойжеткен тұрмысқа шыққанға дейін пәктігін сақтауы керек. Алғашқы неке түнінде қыздың пәктігі дәлелденбесе, қалыңдық үйден қуылуы мүмкін.

Ондай қыздарды өзінің туған ата-анасы да қабылдамай, бойжеткен өмір бойы өзінің абыройына дақ салған болып есептеледі.

Еске салсақ, былтыр 18 жастағы Раджабби Хуршед күйеуінің қайта-қайта сараптама орталығына жіберуінен намыстанып, сірке суын ішіп, қайтыс болған.

Күйеуі Зафар Пиров қалыңдығын өлімге итермеледі деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel