RU

Қазақстан мәдениеті мен өнері қайраткерлерінің үндеуі

Елбасымыз ел егемендігінің 20 жы­лын­да ұлт мә­де­ниетінің өсіп-өркендеуіне де өлшеусіз үлес қосты.

Еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлем саясаткерлері "Қазақстан жолы" деп бағалаған өзіндік даму моделін таңдап, экономикасы өсіп-өр­кен­деген, саяси тұрақ­тылық пен қоғамдық келісімді берік ор­нық­тырған, бүкіл әлем мойындаған алдыңғы қа­тар­лы мемлекетке айналды. Өткен жылы Еуро­па­да­ғы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымына та­бысты төрағалық еткен еліміздің жыл соңында жер жү­зін таңдан­дырған Астана Саммитін өткізуі Қазақ­станның әлем қауымдастығы алдындағы беделін бұ­рынғыдан да биіктете түсті. Ал биыл Қазақстан Ислам Конференциясы Ұй­ы­мына төрағалық етіп, Батыс пен Шығыс өркениетінің арасын жалғайтын болады.Елбасымыз ел егемендігінің 20 жы­лын­да ұлт мә­де­ниетінің өсіп-өркендеуіне де өлшеусіз үлес қосты. Ол тоқсаныншы жыл­дардағы қиын-қыстау кезеңнің өзінде-ақ өнердің өміршеңдігіне ерекше мән беріп, Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрын түгелдей қайта жаңғыртудан өткізді.

Мемлекет басшысының осындай қанатты қамқорлығының арқасында тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдары елімізде жаңа­дан 13 театр ашылды.

Астана мен Шым­кент­тегі опера және балет театрлары, Астана, Шымкент, Орал, Петропавл, Көкшетау, Ақтау, Түркістан қала­ла­­рындағы қазақ драма театрлары, Шымкенттегі әзіл-сықақ театры, Сайрамдағы өзбек театры, Петро­павлдағы қуыршақ театры – тәуелсіздіктің жемістері. Мәдениет пен өнер қайрат­керлері заман талабына сай жаңа опера, балет, драма және кино туын­ды­ла­рын дүниеге әкеліп, тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Ас­танада өткен жылы Өнер университеті болып қай­та құрылған Музыкалық академия, Алматыда Өнер академиясы бой көтерді. Көпұлтты Қазақстанда өзге ха­лықтар мәдениетінің дамуына да айрықша көңіл бө­лінуде. Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім сая­саты берік ұйыған елімізде бүгінгі таңда 15 орыс және корей, ұйғыр, неміс, өзбек театрлары жұмыс істейді. Мұның бәрі саясат пен мәдениетте әрқашанда таразы басын тең ұстайтын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кең де кемел саясатының нақты көрінісі.

Елімізде 2004 жылдан бері қазақ халқының көне замандардан күні бүгінге дейінгі тарихын түгендеп, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің ұлы жауһарларын жүйе­леуге арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы ой­дағыдай жүзеге асырылып келеді.

Соның нәти­же­сін­де көптеген шет елдердің мұрағаттары мен мұра­жай­ларында сақталған қазақ тарихына қатысты құн­ды құжаттар мен жәдігерлер қайтарылып, Қазақ­стан­ның ақтаңдақтардан арылған шынайы тарихы 5 том­дық іргелі еңбек күйінде басылып шықты. Тари­хы­мыз­дың бөлінбес бөлшегі саналатын 100-ге жуық көне және ортағасырлық қалаларда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, оның жаңалықтары ғы­лым мен білімнің игілігіне айналды. Шығыс Қазақ­стан облысындағы Берел қорғанынан алтындатылған ат әбзелдері мен сақ патшасының зергерлік заттары, Шілікті қорғанынан үшінші "алтын адам", Қарқара­лы маңынан сан алуан алтын бұйымдар табылуы – "Мәдени мұраның" ел тарихын түгендеудегі елеулі нәтижелерінің айғағы.

Тәуелсіздік жылдарында бір кездері әбден тозығы жетуге айналған 89 тарихи-мәдени нысанға кешенді жаңарту жұмыстары жүргізіліп, шет елдердегі қазақ тарихына қатысты ескерткіштер қайта жаңғыртыла бастады.

Дамаск қаласындағы Бейбарыстың кесене-кітапханасы толық реконструкциядан өткізіліп, Әл-Фарабидің өмірі мен шығармаларын зерттеуге арналған Дүниежүзілік ғылыми орталық ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Каирдегі Бейбарыс мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Осының бәрі Елбасының елдің бүгінімен қатар, өткеніне де ерекше қамқорлықпен қарайтын кемеңгер тұлға екендігінің айқын дәлелі."Мәдени мұра" бағдарламасы шеңберінде қазақ халқының ғасырлар бойғы жасалған рухани мұрасы жүйеленіп, рет-ретімен жарық көруде. Қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні халықпен қайта қауышты. Кейінгі кездері "Бабалар сөзі" сериясымен қолға алынған ауыз әдебиетінің 100 томдығы жобасы шеңберінде 66 кітап оқырманға жол тартты. Ертегілерімізден бастап, батырлық жырларға дейінгі ауыз әдебиетінің мол мұрасын қамтитын бұл бірегей жоба алда да жалғасын табатын болады. Бұған қосымша, әлем әдебиетінің, мәдениеті мен ғылымының көптеген классикалық туындылары қазақ тіліне, ал қазақ әдебиетінің озық шығармалары өзге тілдерге аударылып, әлденеше рет баспа жүзін көрді. Осының бәрі өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтті.

Тәуелсіздік жағдайында мемлекеттік тілдің де тынысы ашылды.

Тәуелсіздік жағдайында мемлекеттік тілдің де тынысы ашылды. Бұл ең алдымен қазақ тілді мектептер санын арттырудан көрініс тапты. Егемендік қарсаңындағы 1989-1990 жылдарғы оқу жылында республикадағы қазақ мектептерінде 910 мың оқушы оқыған болса, биыл бұл көрсеткіш 1,5 миллионнан асып түсті. Егер кеңес кезеңінің 60-70-жылдарында Қазақстанда 600-ге жуық қазақ мектебі жабылып қалса, кейінгі 20 жылдың көлемінде 1000-ға жуық қазақ мектебі ашылды. Республикамызда сондай-ақ орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептер мен 190 жексенбілік мектепте өзге ұлттар өкілдері өз ана тілдерін оқып-үйренуде. Бұған қоса, ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін 100-ден астам орталық жұмыс істейді.

Елбасының шынайы қамқорлығы арқасында бюд­жеттік сала қызметкерлерімен қатар, мәдениет қыз­мет­керлерінің жалақылары да жылма-жыл өсіп келеді. Тек соңғы екі жылдың өзінде бұл өсу деңгейі 50 пай­ызды құраса, биылғы жылдың екінші жар­ты­сы­нан бастап еңбекақы тағы 30 пайызға көтеріледі. Мұ­ның бәрі өзінің де өнерде өлшеусіз өнегесі бар Нұр­сұл­тан Әбішұлының мәдениет саласының үлкен жан­ашыры екенін көрсетеді. Сондықтан да ел мә­де­ниеті мен өнері келешегінің кепілі Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзар­ту жөніндегі республика Парламентінің шешімін қызу қолдап, барша қазақстандықтарды осыған үн қосуға шақырамыз.

Ермек Серкебаев, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Роза Бағланова, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еркеғали Рахмадиев, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Асанәлі Әшімов, КСРО халық әртісі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Хадиша Бөкеева, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Әлібек Дінішев, КСРО халық әртісі, ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты, Роза Жаманова, КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Рамазан Бапов, КСРО халық әртісі,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қанафия Телжанов, КСРО халық суретшісі, Шот-Аман Уәлиханов, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Сейіт Қасқабасов, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өмірзақ Айтбаев, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Карл Байпақов, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Әбдімәлік Нысанбаев, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ескендір Хасанғалиев, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Болат Аюханов, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Рубен Андриасян, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мұрат Ахмадиев, Қазақстанның халық әртісі, Есмұхан Обаев, Қазақстанның халық әртісі, Юрий Померанцев, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Лия Нэльская, Қазақстанның халық әртісі, Игорь Вовнянко, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Амандос Ақанаев, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Олег Ли, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/173431-kazakstan-medenieti-men-oneri-kajratkerlerinin-yndeui.html