RU
Қазақстанда балалар мектепке бес жасынан бастап қабылданатыны рас па?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда балалар мектепке бес жасынан бастап қабылданатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап алты жасқа толмаған балалар мектепке қабылданады деп хабарлайды today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Курский городской портал «vKurske

Фото: Курский городской портал «vKurske

Алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданатын балалар қыркүйек-желтоқсан айларында алты жасқа толатын болса, мектепке қабылданады.

"Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар осы жылдан бастап бірінші сыныпқа барады. Олар күнтізбе бойынша жыл соңына дейін толықтай алты жасқа толады. Сондықтан мектепке қабылдануға толық құқылы. Ата-аналар да басқа білім беретін мекемелерді таңдай алады. Оқудан бас тартқан жағдайда ата-аналар мен оқушының заңды өкілі тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті білім беру мекемесіне жүгінеді", – делінген білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.

Аталған заңнама Қазақстан үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша жасалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
0
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel