Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты (фото)

Опубликовано:

24 жастағы Таңшолпан Жамбыл облысы Талас ауданында тұрады. Кішкентайынан ақыл-есі кем болып туған бойжеткенді бүгінде туған анасы мен бауырлары керек етпей отыр. Осының салдарынан өз үйіне сыймаған қыз бірнеше рет қыста далада қалып, салдарынан үсік шалған қыздың аяғын үш мәрте кесіп тастаған деп хабарлайды "Қарекет" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты
Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты: UGC

Осылайша онсыз да ақыл есі кем болып туған жарымжан бүгінде аяғынан айрылған мүгедекке айналып отыр. Туған анасы теріс айналған бойжеткеннің тағдыры оның ауылдастарын да, оны емдеген дәрігерлерді де бей-жай қалдырмады.

Таңшолпан бүгінде 24 жаста. 1994 жылы туған қыздың ақыл-есінде кемістік бары мектепке барғанда анықталған. Оның ұстазының айтуынша, қыз мектепте орнынан атып тұрып, орынсыз сөйлеп кете беретін. Осылайша мектепке бармай қалған қыз үйінен кетіп қалып, есі ауған жаққа қаңғитынды шығарыпты.

Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты
Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты: UGC

Қызының үнемі үйінен қашып кететініне төзе алмаған анасы кейінгі кездері оны, тіпті іздемейтін болған. Одан әпкесі мен туған ағасы да бас тартып отыр. Сөйтіп көше кезіп кететін бойжеткен қыстыгүні далада қонып жүріп, бірнеше рет аяғын үсіткен.

"Алғаш рет 2014 жылдың 7 наурызы күні болды осы жағдай. Аяғының саусақтары үсіп кеткен екен. Содан кейін сол жерде жуып-тазалап, денесін жылытып, көмек көрсетілді. Ол кезде оның сол жақ аяғының саусақ ұштары ғана кесілді", - дейді Жамбыл облысы Талас ауданы орталық ауруханасының хирургы Бақытжан Меңтаев.
Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты
Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты: UGC

Бірақ екі жылдан соң тағы да бұл жағдай қайталанған. Ол жолы оның екі аяғының да он саусағы түгелдей кесілген. Үшінші рет 2018 жылы 21 қаңтар күні тағы үсік шалып келген қыздың аяғын дәрігерлер тізеден кесуге мәжбүр болған.

Ал ақыл-есі кем жарымжан бойжеткеннің өзі аяғының өсіп кететініне сенімді.

"Осы аяқ өссе билеп беремін", - дейді 24 жастағы Таңшолпан.

Дәрігерлердің айтуынша, төрт ай бойы ауруханада жатқан бойжеткенді бірде бір туысы іздеп келмеген. Оның туған бауырлары мен анасы қыздан түбегейлі бас тартамыз деп, түсірілім камерасының алдында қолхат жазып берді.

«Барғым келмеді, ана аяғын көргім келген жоқ», - дейді әпкесі Гүлмира Сиқымова.

Туған анасы Рахима Ақжолтаева қызының керегі жоқ екенін қайталай берді.

Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты
Жамбыл облысында туған анасы теріс айналған мүгедек қыздың тағдыры елді жылатты: UGC
«Керегі жоқ, бас тартамын. Тілімді алмайды. Көшеге шығып кетеді», - дейді анасы.
«Мен оған айтқанмын, қыдырма, аяғың үсіп қалады деп. Шықпа, не көрсек те, бірге көреміз дедім. Ал ол мені тыңдаған жоқ. Иә, дейді. Бір кезде дәретханаға кетіп қалсаң дем арасынша көшеде кетіп бара жатқанын көресің. Қашанғы қуалап жүреміз. Екі-үш рет қуалап алып келдік. Қашанғы жүреміз іздеп, сөйтіп шаршаймыз да ұйықтап қаламыз. Сөйтсек өзі келеді екен де, қорада ұйықтап қалады екен. Жаным ашығанда не істеймін. Менің де өз өмірім бар. Оны мен қазір қарай алмаймын. Тосу керек оны, жуындыру керек дегендей. Қыз баланы қарау әрине оңай емес қой. Сол себепті бас тартамын деп айтар едім», - дейді әпкесі Гүлмира Сиқымбаева.

«Медпункке барған кезде бірінші сыныпта ақ байқалды. Жаным ашығанда не істеймін?!Үйге келгенде не істеймін?! Бақпаймын, бағынбайды ол. Басынан бағынбаған адам, бағынбайды ол. Толық бас тартамын. Үйге келсе де қабылдамаймын», - деген анасы қолхат жазып беріп, туған қызынан бас тартты.

Дәрігердің айтуынша, қыз анасын қатты жақсы көріп, оны іздейді екен.

"Анасы туралы жаман сөздер айтпайды. Бауырларын жақсы көреді. Үнемі сағынғанын айтады", - дейді Бақытжан Меңтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734317-tugan-anasy-teris-ajnalgan-mgedek-kyzdy-tagdyry-eldi-zylatty-foto/

pixel