RU
Ауқатты арабтар Шымкенттегі шұрайлы жерлерді жалға алды
Жаңалықтар Қоғам

Ауқатты арабтар Шымкенттегі шұрайлы жерлерді жалға алды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында өте сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген дуадақ құсын арабтар асырап отырғаны баршаға мәлім. Осы орайда "Рейтинг" басылымы Оңтүстік өлкеде шетелдіктер қанша жерді пайдаланып отырғанын мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: rgmedia.kz

Көрнекі фото: rgmedia.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов берген мәліметтерге сәйкес, арабтар Қазақстандағы жерлерді бірнеше жылға жалға алған .

"Облыста үш жер учаскесін шетелдіктер жалға алып, пайдаланып отыр. Бәйдібекте арабтар жалға алған жерде дуадақ өсіру шаруашылығын құрған.

Ал Отырар ауданындағы жер учаскесін араб азаматтары өзара келісім бойынша пайдалануда. Негізі бұл жер Қазақстан азаматының иелігінде. Арабтар одан жерді жалға алған.

Сондай-ақ, Төлеби ауданындағы Сайрамсу шатқалындағы жер телімін туристік бағытта шетелдіктер жалға алу негізінде пайдалануда. Атап өтері, бұл жерлердің бәрі шетелдіктерге тек жалға берілген. Келісімдер президенттің жариялаған мораторийіне дейін жасалған.

Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы жарияланған мораторий бойынша Қазақстанда 2021 жылға дейін шетелдіктерге жерді жалға беруге, ал өз азаматтарымызға сатуға тыйым салынған. 2021 жылға дейін жер қазақстандықтарға тек жалға беріледі",- дейді басқарма басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
1
4
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel