RU
Астаналық дәрігерлер "өлдіге санаған" екі жасар қыз құдыреттің күшімен аман қалған
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық дәрігерлер "өлдіге санаған" екі жасар қыз құдыреттің күшімен аман қалған

Рассказать Вконтакте

Астаналық Айару есімді бүлдіршіннің денсаулығынан былтырғы жылдың ақпан айында кінәрат табылған. Дәрігерлер оның миында ісік бар екенін анықтайды. Елордалық ақ халаттылар "Айару аман қалмайды" деген диагноз қойғанымен, кішкентай қыз қазір дін аман. Ол тіпті күн санап сауығып келе жатыр екен. Бұл туралы newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Астаналық Гүлнар Тасқожина екі жастағы немересінің басынан өткен сұмдық жайтпен бөлісті. Айтуынша, туғанынан сап-сау болып дүниеге келген Айарудың былтыр қыста бір қолы істемей қалыпты. Ата-анасы оны алып-ұшып дәрігерлерге апарғанымен, ондағылар "балақай көп ұзамай бақилық болады, миында үлкен ісік бар" деген болжам айтыпты.

"Дәрігерлер ота жасағанымен, ісікті алып тастай алмады. Тек өмірін ұзартқаны болмаса. Ақ халаттылар тіпті "қыздарыңыз бір ай ғана өмір сүреді, несіне ақша шашып жүрсіздер?" деп жүректі ауыртқан. Бірақ біз үмітімізді үзбедік. Оны Ақтөбедегі емшіге қараттық. Сол кісінің дұға-тілектерінің арқасында немерем аман қалды. Ол кісі бірден Айару Қазақстанда сауыға алмайтынын, шетелге барып ем алатынын болжаған еді. Сол кісінің айтқаны дәл келді", - деп әңгімелеп берді бүлдіршіннің әжесі.

51 жастағы Гүлнар Тасқожинаның сөзінше, расымен де "Айаруға құдайдың өзі көмектескен" екен. Олар тез арада "Аружан Саин" қайырымдылық қорына көмекке жүгініп, сол қордың арқасында Ыстамбұлға емделуге аттанған. Түркиялық мамандар дереу науқас бөбекке ота жасап, ісігінің 80 пайызын алып тастаған.

"Сол отадан кейін балапаным көзін ашып, есі кіре бастады. Дәрігерлер отадан кейін жоғары дозалы химия терапия және радиотерапиямен де емдеді. Сосын емшіден 20 күн бойы арнайы су алдыртып, Айару неше күн бойы тек сол сумен ауқаттанып жатты. Бізге құдайдың өзі көмектесті, немерем аман қалды", - деп жан сырын ақтарды әже.

Басылымның мәліметінше, қазір Айарудың денсаулығы жақсарған. Балақайдың қимыл-қозғалысы реттеліп, ол жақындарын тани бастаған екен.

"Қазір құдайға шүкір денсаулығы жақсарып келеді. Тәбеті ашылып, күн сайын салмақ косып келеді. Даму жағынан да өз қатарластарынан кем емес. Сөйлейді, күледі, ойнайды. Ісігінің үлкеюі тоқтап, оны толығымен алдыртып тастадық. Астаналық дәрігерлерді жамандағаным емес, бірақ олар бізді көріп таң қалды. "Сіздер әлі тірісіздер ме?" дейді. Иә, біз әлі дін аманбыз дедім. Бізге тек сабырлық пен төзім керек", - дейді зейнеткер.

Қазіргі таңда Айарудың отбасы Түркияға барып, кішкентайдың денсаулығына оңалту жұмыстарын жүргізбек. Бүлдіршінге көмек қолын созамын деушілер болса, келесі есепшоттарға ақша аудара алады:

Айарудың анасы: КАЗИЗОВА НУРГУЛЬ БЕЙСЕНБАЕВНА ИИН 870328450620

Qazkom bank: 5578 3427 2182 1723 mastercard

Kiwi-koshelek: 8-702-316-62-13

Pay pal: Nura_28_87@mail.ru

kaspi gold: 5169 4931 9228 0603

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір