RU
Беті ашылған Баян Сұлу: Ақтаулық келіншек жобаның былығын жайып салды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Беті ашылған Баян Сұлу: Ақтаулық келіншек жобаның былығын жайып салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Халық таңдауы "Баян Сұлу-2018" жобасына қатысып, "Мисс көрермен көзайымы" марапаты мен екінші жүлделі орынды жеңіп алған Мәдина Лепесбаева байқаудың бар былығын ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Маңғыстаулық келін Instagram парақшасында жазба жариялап, жобаның жақсы жағы мен кемшілігін жіпке тізгендей баяндап берді.

"Жалпы жоба өте керемет ұйымдастырылған. 3000-ға жуық қыздың ішінен іріктеліп алған бес қыз-келіншек (үш қыз, екі келіншек) додаға түстік. Бұл жобада көп түсініспеушіліктер болды. Айта кетсем, "Баян сұлу - келіншек болмаған, қыз болған" секілді сөздер айтылып, екі келіншек көп сынның астында қалдық. Тіпті кейбір өнер жұлдыздары "беті ашылған" деген пікірді айтқанда, өз басым қапаландым.

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Негізі жобада "Сайысқа 18 бен 35 жастағы қыз-келіншектер қатыса алады және қазіргі кездегі Баян сұлудың бет-бейнесін анықтау" деп нақты жазылған. Қазіргі Баян сұлуды қалай елестетесіз деген мағынада еді. Біз соны сайыстың II турында өз образымызбен қорғап шықтық. Мен Баян сұлуды қазіргі кезде ата-салтпен тұрмысқа шыққан, қазақилығы басым, басында ақ орамалы бар, ұлттық нақышымен елді сүйсіндіріп, бір үйдің түтінін түтетіп отырып, ұрпақтарын дүниеге әкелген әйел-ана, келін ретінде қорғап шықтым. Өкініштісі, сол образды қорғап тұрып, ешбір қатысушы алмаған 2 деген баллды алдым. Ішімнен үнсіз күлдім.

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Ораза айы болғандықтан көп нәрсе айтқым келмейді, барға қанағат еттім, Аллаға раxметімді айттым! Маған "Мисс көрермен көзайымы" деген номинациямен II орынды қанжығама байлап, қолыма Тайландқа екі адамға демалыс билетін беріп, жақсы ықыласпен Маңғыстауыма ұшырып жіберді. Сөздің тоқетері, "Баян сұлу" кондитерлік фабрикасына алғысым шексіз. Компания өрлей берсін, өсе берсін", - деп сөзін аяқтады жоба қатысушысы.

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Мәдина Лепесбаева. Фото: Instagram

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
1
3
1
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel