RU
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкерін жанкүйерлер ұрып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкерін жанкүйерлер ұрып тастады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның жастар құрамасының бұрынғы бапкері Константин Фроловты жанкүйерлер соққыға жыққан. Оқыс оқиға украиналық "Полтовой" және "Черноморец" командаларының ойынан кейін орын алған деп хабарлайды sport.inform.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Басылымның мәліметінше, бүгінде Константин Фролов одессалық "Черноморец" командасының бас бапкері екен. Кезекті бір ойында украиналық премьер-лигада өнер көрсететін команда "Полтавадан" ойсырата ұтылып, аталған лигадан шығып қалған көрінеді. Жанкүйерлер сүйікті командаларының сәтсіз ойнауына бас бапкерді кінәлап оны соққының астына алған.

Қазақстанның жастар құрамасының бұрынғы бапкері ашулы жанкүйерлерден әрең дегенде қашып құтылыпты. Өкініштісі маманның бір көзі ауыр соққыдан ісіп, онда гематома да пайда болыпты.

Айта кетерлігі Константин Фролов еліміздің 17 жасқа дейінгі жастар құрамасының бапкері қызметін 2012-2014 жылдары атқарған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel