RU
Салық қызметкеріне 500 теңгемен алғыс айтпақ болған әйелдің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Салық қызметкеріне 500 теңгемен алғыс айтпақ болған әйелдің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Елордада салық қызметкері өзіне алғыс ретінде 500 теңге берген әйелдің үстінен шағымданған. Алғыс айтқан әйелге айыппұл салынды деп хабарлайды matritca.kz.

500 теңге. Көрнекі фото: matritca.kz

500 теңге. Көрнекі фото: matritca.kz

"2018 жылдың 20 наурызында белгісіз тұлға кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша басқармасындағы «Ақпаратты қабылдау және өңдеу» бөлімінің бас маманы А.Құспановқа «салық төлеуші кабинетінде» салық есептемесін өткізуге көмектескені үшін алғыс ретінде 500 теңге көлемінде ақша берген. Бұл туралы Құспановтың өзінің хабарламасынан белгілі болды", – делінеді хабарламада.

Тексеру шараларының барысында салық қызметкеріне ақша ұсынған А.Жұмақаева екені анықталды.

"25 сәуірде Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған сотының қаулысымен азаматша А.Жұмақаева Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 676-бабы (Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) бойынша кінәлі деп танылып, оған 336 700 теңге көлемінде айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір