RU

Ақтөбедегі әкімдікке көлігімен кіріп кеткен кәсіпкер бостандыққа шықты

Ақтөбелік шенеуніктер мен құзырлы мекеме қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған кәсіпкер бостандыққа шықты. Бұл туралы қазақстандық режиссер жазды. Марат Телеуов Facebook парақшасына Бауыржан Анапинмен түскен суретін салып, оның бостандыққа шыққанын хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Ақтөбедегі әкімдікке көлігімен кіріп барған кәсіпкер бостандыққа шықты
Ақтөбедегі әкімдікке көлігімен кіріп барған кәсіпкер бостандыққа шықты: UGC

«Ақтөбедегі облыстық әкімдіктің есігін бұзған Бауыржан Анапинмен таныстым. Бостандыққа шыққан. Ол өзінің айтқандары туралы жазбауымды сұрады. Не үшін жазамын? Онсыз да бәрі түсінікті», - деген Марат Төлеуов.

Естеріңізде болса, 12 мамыр күні Ақтөбе облыстық әкімдігінің есігін қиратып, ғимаратқа көлігімен кіріп барған кәсіпкер туралы жазған болатынбыз.

Ақтөбедегі әкімдікке көлігімен кіріп барған кәсіпкер бостандыққа шықты
Ақтөбедегі әкімдікке көлігімен кіріп барған кәсіпкер бостандыққа шықты: UGC

Құзырлы орган тарапынан Бауыржан Анапиннің әкімдікке айқайлап, балағаттап кіріп барғаны айтылған. Және кәсіпкердің оғаш қылығы отбасылық жанжал деп түсіндірілді.

Әкімшілік жауапқа тартылып, он күнге қамауға алынған кәсіпкер бостандыққа шыққан.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734344-aktbedegi-kimdikke-kligimen-kirip-ketken-ksipker-bostandykka-sykty.html