RU
СІМ: Қытайда қамауға алынған тоғыз этникалық қазақ босатылды
Жаңалықтар Қоғам

СІМ: Қытайда қамауға алынған тоғыз этникалық қазақ босатылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚХР-да қос азаматтығы болғаны үшін ұсталған этникалық қазақтарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

СІМ: Қытайда қамауға алынған тоғыз этникалық қазақ босатылды

Сыртқы істер министрі - Қайрат Әбдірахманов. Фото: Хабар 24

«Ең алдымен сіздер жырақта жүрген ҚР азаматтарының мүддесіне қатысты барлық мәселелер Қазақстан Үкіметі мен СІМ-нің ұдайы бақылауында болатынын түсінгендеріңіз абзал. Бұл шетелде туристік сапармен немесе іссапармен, я болмаса біз айтып отырған Қазақстанның азаматтығын алып, кейіннен түрлі жағдайлар салдарынан Қытай азаматтығынан шыға алмай жүрген қос азаматтығы бар этникалық қазақтар мәселесіне де қатысты», - деді журналистерге сұхбат берген министрі.

Министрдің айтуынша, "бұл мәселелердің барлығы бойынша күнделікті жұмыс істеліп жатыр. Еліміздің, сонымен бірге шетел мемлекеттерінің дипломатиялық, консулдық қызметтері де бұл мәселеге араласуда". Бұдан бөлек, аталған түйткілдер үкіметаралық келіссөздер кезінде де талқыланып жатыр, дейді министр.

«Аталған мәселелер бойынша біздің ҚХР-мен бірлесе жұмыс істеуімізге еш кедергі жоқ", - деп атап өтті Әбдірахманов.

Сонымен бірге, министр Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ҚХР-на екі мәрте барып, ауқымды келіссөздер жүргізгенін еске салды.

«Консулдық қызметкерлер Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығымен де келіссөздер жүргізген болатын. Бұл келіссөздер кезінде ҚХР-да ұсталған Қазақстанның 12 азаматы туралы да айтылды", - деді министр.

Әбдірахмановтың айтуынша, "қытайлық тарап бұл жайтқа қатысты қазақтар қытай азаматтығынан шығу рәсімі кезінде қателіктер жіберген деп түсіндірме берген".

«Келіссөздер мен қытайлық тараппен өзара жасалған келісім нәтижесінде 12 азаматтың тоғызы қамаудан босатылды. Қалған үшеуінің ісі бойынша да біз бірқатар заттық жұмыстар жүргізудеміз", - деп түсіндірді министр.

«Еліміздің СІМ қазіргі таңда қиын жағдайға тап болған 170 этникалық қазақтың мәселесі туралы хабардар. Олардың әрқайсысының туыстары бізге келіп, жағдайды түсіндіріп берген болатын. Сонымен бірге қоғам тарапынан да бірқатар ақпарат келіп түсуде", - деді ведомство басшысы.

Министр олардың әрқайсысының тағдырына алаңдайтынын атап өтті.

«Дегенмен, ҚХР азаматтарына қатысты мәселелерге келгенде 60 жылдары қабылданған Вена конвенциясына сәйкес, бір мемлекеттің екінші мемлекеттің ішкі істеріне араласуына жол берілмейтінін де ескерген жөн", - деді Қайрат Әбдірахманов.

Ол бұл мәселенің өте күрделі тақырып екенін айта келе, "екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік негізінде мәселе қаралып қана қоймай, шешімін табатынын" да еске салды.

«Біз этникалық қазақтардың тағдырына бей-жай қарамаймыз. Сонымен бірге біз үшін шетелде жүрген ҚР барлық азаматтарының тағдыры да маңызды. Оларға басымдық берілген, сондықтан әлемнің барлық дерлік мемлекетімен жақсы қарым-қатынас орната білген мемлекетіміз ел азаматтарын қорғайтын болады", - деп сөзін түйіндеді Әбдірахманов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
1
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel