RU
Өскеменде ұлты мен діні бөлек бизнесмен 500 адамға ауызашар берді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде ұлты мен діні бөлек бизнесмен 500 адамға ауызашар берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айында 500 адамға ауызашар берген өскемендік Дмитрий есімді азамат елдің ықыласына бөленді деп хабарлайды altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскемендегі ауызашар

Өскемендегі ауызашар

Дмитрий Левитанус Өскемендегі "Rating" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры екен. Ол облыстық "Халифа Алтай" мешітінде 500 адамға ауызашар ұйымдастырған. Ұлты мен діні бөлек болса да, Рамазан айын құрметтеген орыс жігіт ауыз бекіткен жандардың шыдамдылығына тәнті болған.

"Жүз отыздан астам ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Жеке басым, Қазақ елінде тұрып жатқан барлық этнос өкілінің ұстанған ұстанымы мен наным-сенімін құрметтеймін. Әсіресе он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ораза тұтқан халықтың шыдамдылығына тәнтімін. Жалпы, мен мұсылман достарымнан ауызашар берудің сауабы мол деп естіген едім. Сондықтан осындай қадамға бардым", — дейді Дмитрий Левитанус.

Ал ауызашарға жиналған қауым Дмитрийдің сауапты ісіне дән риза болып, оған жылы лебіздерін білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
40
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel