RU
Серік Ахметов бостандығын шектеу туралы жазаны айыппұлмен алмастыруды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Серік Ахметов бостандығын шектеу туралы жазаны айыппұлмен алмастыруды сұрады

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы премьер министр Серік Ахметов Қарағанды сотына өтініш жасап, бостандығын шектеу туралы жазаны айыппұлмен алмастыруды сұрады деп жазады NUR.KZ.

Серік Ахметов. Фото: kursiv.kz

Серік Ахметов. Фото: kursiv.kz

Экс-премьер Қарағандының №1 Қазыбек аудандық сотына жазған өтінішхатында жазасын өтеу барысында өзін тәртіпті ұстағанын, екінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын атап өткен.

Серік Ахметов осыған дейін мемлекеттен жымқырды деген ақшаны да түгел қайтарған болатын. Аталмыш істі Қарағандыдағы Қазыбек аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева қараған.

Еске салсақ, Серік Ахметов түрмеден 2017 жылдың 21 қыркүйегінде босап шыққан болатын. Ал Абай аудандық соты экс-шенеуніктің қалған төрт жыл 26 күн мерзімін шартты түрде өтеуге рұқсат еткен. Оған 2015 жылы жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel