RU
Адам мен тауықтың жасушасын салыстырған ғалымдар таңдай қақты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Адам мен тауықтың жасушасын салыстырған ғалымдар таңдай қақты

Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк ғалымдары адам мен тауық жасушаларынан тұратын эмбрионды араластырып, тәжірибе жасап көрді. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: inoplanetyanin.ru

Көрнекі фото: inoplanetyanin.ru

Зерттеушілер осындай тәжірибе нәтижесінде жасушаның қалай ұрыққа айналатынын біле аламыз деп отыр.

ХХ ғасырдың басында балықтар мен қосмекендіелрде арнайы ұйымдастырушы-жасуша болатыны анықталған еді. Ол ағзаның енді ғана дамып келе жатқан кезеңінде маңызды рөл атқаратын көрінеді.

Бұл жасушаларды бір эмрионнан алып, екіншісіне орналастырған кезде онда арқа желісі мен жүйке жүйеcі, миы дамыған екен.

Кейінірек жануарлардың басқа түрінде де осындай жасушалар бары анықталған.

Алайда зерттеу соңында этикалық қағидаларға сәйкес, осындай жасушалар адамда болатынын не болмайтыны анықталмай қалды. Себебі адам эмбрионына тәжірибе жасауға 14 күннен кейін рұқсат етілмейді. Ал ұйымдастырушы-жасушалар тек осы мерзімнен кейін ғана пайда бола бастайды екен.

Рокфеллер университетінің ғалымдары адам эмбрионындағы жасушаларды тауық эмбрионына орналастырып көрген. Нәтижесінде оның екінші омыртқасы мен жүйке жүйесі қалыптасып, адам ағзасында да ұйымдастырушы-жасуша болатыны дәлелденді.

Осындай тәжірибелер арқасында зерттеушілер жүктіліктің ерте кезеңде үзілу себептерін анықтамақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір