RU
ОҚО-да депутат ауылда түнгі көбелектердің қаптап кеткеніне күйінді
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да депутат ауылда түнгі көбелектердің қаптап кеткеніне күйінді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш Оңтүстіктегі ауылдардың бірінде тәнін саудалайтын қыздардың көбейгендігін айтты. Халық қалаулысы ауылда қоғамдық тәртіптің сақталмауынан жеңіл жүрісті қыздардың қаптап кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Foto-elf.ru

Көрнекі фото: Foto-elf.ru

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросындасында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек атқарған жұмыстары туралы көпшілік алдында есеп берді. Қала әкімі жұмысын бастағалы бері ауылдағы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешіп, халықтың қажеттілігін қамтыған.

Қала әкімінің есебін мұқият тыңдаған кеңес мүшелері шенеунікті сұрақтың астына алып, кейбірі өз ұсыныстарын да жеткізді. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш ашық мәлімдеме жасады.

"Арыс қаласына қарасты Шаян ауылында сауда орталығы бар. Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолында орналасқан. Бұл ауылда қоғамдық тәртіп болу керек. Яғни, бұл ауылда жергілікті полиция қызметі жақсы жұмыс істеу керек. Бұрын бұл жерде жөзөкшелер жоқ еді. Қазір Шаян ауылында жөзөкшелер көбейіп кеткен. Сауданың арқасында ол жер дамып келеді. Қоғамдық тәртіп күшейтуді қадағалау керек", - дейді ОҚО мәслихат депутаты Дулат Әбіш.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
5
2
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір