RU
Кәмшат Жолдыбаева Жанар Дұғалованың көптеген қылығына көз жұма қарағанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кәмшат Жолдыбаева Жанар Дұғалованың көптеген қылығына көз жұма қарағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет өзінің әріптесі "Кешью" тобында бірге ән салған әнші Жанар Дұғалованың мінезі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, Айдана Меденова екеуі топта жүргенде Жанардың көптеген қылығына көз жұма қараған. Бұл туралы әнші "Шыны керек" бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева Жанар Дұғалованың көптеген қылығына көз жұма қарағанын айтты

Фото: Жанар Дұғалова/Instagram

Кәмшат Жанар Дұғалованың мінезі айрықша екенін жасырған жоқ.

"Жанардың мінезі, болмысы өте айрықша екені ешкімге құпия емес. Сондықтан ең бастысы - Жанардың өнері, таланты, ерекшелігі. Оны біз Айдана екеуіміз қашан да білетінбіз. Бізге бұл ешқандай да ауыр тиген жоқ. Көп нәрсеге көз жұма қарадық. Жауапсыздық немесе басқа емес, еркелігі. Оны біз өзінің ерекшелігі ретінде қабылдадық.
Сондай қарым-қатынаспен топ қашан да алға қарай жүріп отырды. Топқа әр адамның қосары өте маңызды", - деді ол.

Сонымен бірге, ол қазіргі таңда Жанармен достық қарым-қатынаста емес екенін де жасырмады. Яғни, олар сырласып, бірге шай ішіп отыруға уақыт таппайды екен.

"Жанармен бүгінгі таңда тек қана сахна сыртында немесе әуежайда ғана кездесіп қалып жатамыз. Кездесіп шай ішу деген бізде "Кешью" тобы кезінде де болмаған", - деген ол мұның басты себебі жұмысбастылық пен уақыттың тапшылығы болғанын атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel