RU
Головкиннен үміт үзген Golden Boy "Канелоға" жаңа қарсылас іздей бастады
Жаңалықтар Спорт

Головкиннен үміт үзген Golden Boy "Канелоға" жаңа қарсылас іздей бастады

Рассказать Вконтакте

Golden Boy Promotions басшысы Эрик Гоместің айтуынша, олар Сауль "Канело" Альвареске 15 қыркүйекке жаңа қарсылас іздей бастады деп хабарлайды Sports.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Vesti.kz

Фото: Vesti.kz

Бұл туралы промоутерлік компанияның басшысы ESPN Deportes берген сұхбатында айтты. Олар күні кеше ғана Геннадиймен реванштың болу мүмкіндігі жайлы айтқан болатын.

"Қазіргі таңда жоспарланған жекпе-жек жоқ", - деп мәлімдеді Эрик Гомес.

Оның айтуынша, олар жақын арада реваншқа келісуге дайын болған, бірақ Головкиннің ұтыс қорын теңдей бөлу туралы талаптары олардың барлық жоспарларын өзгертті.

Эрик Гомес. Фото: Prosports.kz

Эрик Гомес. Фото: Prosports.kz

"Сауль Альварестің таңдауы көп. Дэниел Джейкобс пен Билли Джо Сондерс, Жермалл Чарло мен Давид Лемьё, сонымен қатар Спайк О’Салливан бар" , - деді өз сөзінде промоутер.

Сонымен бірге, ол Геннадийдің де таңдауы көп екенін және украиналық Сергей Деревянченконың кәсіби рингте "12 жекпе-жегінің" болғанын айтты. Эриктің айтуынша, оның командасы Головкиннен қадам күтпейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір