RU
"Qazsport" телеарнасы "Qazaqstan Fighter" жобасына 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды
Жаңалықтар Кино и ТВ

"Qazsport" телеарнасы "Qazaqstan Fighter" жобасына 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды

Рассказать Вконтакте

Өтінім беру шарттары:

«QAZSPORT» телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды.

«QAZSPORT» телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды.

1. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы реалити-шоуға қатысуға өтінім бере алады.

2. 18-28 жас аралығындағы қатысушылар сынға түсе алады.

3. Салмақ дәрежесі: 65,8

4. Дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты болу керек. Үміткер физикалық тұрғыдан мықты, дені сау болуы қажет. Созылмалы ауруы болмауы тиіс.

5. Спортта тәжірибесі және әуесқойлар жекпе-жегінде қандай да бір жетістіктері болуы қажет. (ММА, қолма-қол ұрыс, самбо, бокс, күрес, кикбоксинг, муай-тай, карате, таэквондо, джиу-джитсу және т.б.)

6. Қатысушының көпті қызықтыра білетін қасиеттері болуы тиіс.

ЕСКЕРТУ: Кәсіби жекпе-жекте тәжірибесі бар және кәсіби промоушндармен келісімшарт жасағандар РЕАЛИТИ-ШОУҒА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ ( ұйымдастырушылар барлық үміткерлер жайлы мәліметті тексеруден өткізеді).

ҚАТЫСУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Қатысу талаптарын орындау

2. Толтырылған сауалнаманы жіберу.

3. Жалаңаш кеудеде сайыскерлік тұрыспен түскен сапалы суретіңізді жіберіңіз.

4. Сканерден өткен диплом, сертификаттарыңыз бен әуесқойлар жекпе-жегіне қатысқаныңызды растайтын анықтаманың электронды нұсқасын жіберіңіз. (Шақыру алсаңыз, барлық құжаттардың түпнұсқасын әкелуіңіз қажет)

5. Форма № 86 анықтамасы мен көкірек қуысының рентген түсірілімі қажет. Электронды нұсқада.

6. Осы ақпараттарды мына мекен-жайға жіберіңіз: qazfighter@gmail.com

Өтінімді 2018 жылдың 12 маусымына дейін толытырып жіберу керек.

Іріктеу кезеңінен өткен барлық үміткер кастингке шақыру алады.

Финалдық турдың іріктеуіне дейінгі келіп-кету және тұру шығындарын үміткердің өзі төлейді.

Егер ұйымдастырушылардан шақыру алмаған болсаңыз, алғашқы іріктеу турынан өтпегенсіз.

Бас жүлде - 5 000 000 теңге

Айта кетейік, «Qazaqstan FIGHTER» – көп бөлімді телевизиялық реалити-шоу. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы» атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның әділқазылар құрамына: Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Ардақ Назаров, Юрий Мельниченко, Бейбіт Шүменов, Данияр Қасқарауов, Сағындық Мекеев секілді танымал спортшылар, олимпиада чемпиондары, түрлі спорт ұйымдарының жетекшілері кіретін болады. Жобаның мақсаты – спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Еліміздегі жаңа таланттардың есімдерін анықтап, отандастарымыздың спортта жеткен жетістіктері арқылы патриоттық сезімді дамыту.

Қосымша ақпараттарды www.kazsporttv.kz және @qazaqstan_fighter инстаграм парақшасынан көре аласыздар!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір