Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Комада жатып баласын дүниеге әкелген ана үш жылдан соң қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Теннесси штатында үш жыл бұрын комада жатып сәбиін дүниеге әкелген 22 жастағы Шариста Джайлс қайтыс болды деп хабарлайды fakty.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мама три года жила
Мама три года жила: UGC

Шаристаны америкалық БАҚ бұдан үш жыл бұрын "ғажайып ана" деп атаған еді.

2014 жылы жүктілігіне төрт ай болған бойжеткен жол апатына түсіп, басынан қатты жарақат алған болатын. Бас сүйегі қатты зақымданған ол бірден комаға түсіп, ес-түсін білмей бірнеше ай бойы жатады.

Мама три года жила
Мама три года жила: UGC

Дәрігерлер оның тірі қалатынына сенбегенімен, ішіндегі бала өздігінен дамып, аман-есен дүниеге келеді. Оған туыстары Литон деген есім береді.

Мама три года жила
Мама три года жила: UGC

Дәрігерлер Шаристаның көзін ашататына сенбей келген. Алайда баласына төрт ай толған кезде ол есін жиып, көзін ашқан. Осыдан кейін жас ана қозғалып, сөйлей алмаса да, баласының қалай өсіп келе жатқанын үш жыл бойы көруге мүмкіндік алады.

Үнсіз ғана сәбиінің қуанышын бақылап отырған ананың өмірі үш жылдан кейін үзіледі.

Мама три года жила
Мама три года жила: UGC

Әйелдің неден қайтыс болғаны нақты айтылмайды. Былтыр желтоқсан айында ол екіжақты пневманияға шалдығады.

Мама три года жила
Мама три года жила: UGC
«Біз қатты қапалымыз. Алайда ол енді тән азабын тартпайтын болды деп қана өзімізді жұбатамыз. Біздің періштеміз ампанда бізге қарап тұр", - дейді оның жақындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1734414-komada-zatyp-balasyn-dniege-kelgen-ana-s-zyldan-so-kajtys-boldy-foto/

pixel