RU
Оразада мешіттің жанында шулатып концерт берген әншілер жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Оразада мешіттің жанында шулатып концерт берген әншілер жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада жыл сайын өткізілетін "Astana Open Air" концерті өтіп жатыр. Айтулы шараның қасиетті ораза айында өткізіліп жатқанына қарамастан астаналықтар оған лек-легімен ағылып жатыр. Десе де елодалық қариялар концерттің мешіттің жанында қасиетті ораза айында өткеніне наразы деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: shodim.com

Фото: shodim.com

Айтулы концертке ресейлік Макс Барских, Натан сияқты әншілері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысуда. Астанада аздап жауын жауғанына қарамастан, концертке келген жұрттың қарасы қалың.

Олардың денін жастар құрап отыр.

Ал үлкендер қауымы болса концерттің мешіттің дәл жанында өтіп жатқанымен келіспейтіндіктерін айтты.

"Мынадай жын-ойнақтың мешіттің жанында өткізіліп жатқанын қалай түсінеміз? Басқа жер құрып қалды ма? Қазір бесін намаз оқылуы тиіс. Мынадай шу-шырқанның арасында қалай намаз оқимыз? Əкімдіктегілер соны ойламай ма? Ұят қайда? Ресейдің әншісымақтарының бізге не керегі бар? Жастарды азғырғаннан басқалары жоқ", - деді елордалық бір топ қария.

Ал жастар болса елордада мұндай концерттің өткізіліп жатқаны "тамаша" дейді.

"Көңіл-күй керемет. Ауа райы бұзылмаса игі деп отырмыз. Əкімдікке рақмет", - дейді олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
37
1
3
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel