Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі блогер қыздарға пәктігін 30 мың теңгеге жасатып алуға кеңес берді

Опубликовано:

Желіде «Супер Мамасита» атауымен танымал болған жас блогер ана қыздарға тұрмыс құрғанға дейін пәктікті сақтаудың маңызы жоқ екенін айтты. Сонымен қатар блогер құны 30 мың теңге тұратын медициналық қызмет туралы өз ойын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал блогер қыздарға 30 мың теңгелік пәктік салып алу туралы кеңес берді
Танымал блогер қыздарға 30 мың теңгелік пәктік салып алу туралы кеңес берді: UGC

Әлия бүгінде аяулы жар және үш баланың анасы. Блогер желіде қыз-келіншектерге арналған кеңестерімен жиі бөліседі. Жақында Әлия қыздардың пәктігін күйеуге шыққанша сақтауы туралы айтты.

«Мен бүгінгі постты пәк қыздарға арнаймын. Иә, иә, ата-анасының берген тәрбиесі арқылы осындай қыздар әлі күнге дейін бар», - деп жазды үш баланың анасы.
«Олай болса кеңес бере кетейін. Сіздер қазір хирургиялық жолмен пәктікті қайтадан қалыптастыруға болатыны туралы білесіздер ме? Мұндай ота небәрі 30 мың теңге тұрады. Ал сен қайтадан пәк қызға айнала аласың! Отадан соң бес-жеті күннен кейін төсек қатынасына түсе беруге болады. Айта кетейін, қазір бұл операция жастардың арасында танымалдылыққа ие болып келеді», - деген ол.

Блогердің айтуынша қыздарға тек бір адам үшін пәктігін өмір бойы сақтаудың қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734419-belgili-bloger-kyzdarga-pktigin-30-my-tegege-zasatyp-aluga-kees-berdi/

pixel