RU
Отандық танымал шоумен бір жарым жасар сәбиге көмектесу үшін киімдерін сатып жатыр
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық танымал шоумен бір жарым жасар сәбиге көмектесу үшін киімдерін сатып жатыр

Рассказать Вконтакте

«Қазақ аруы – 2013» байқауының жеңімпазы Айғаным Самбайдың жары Талғат рамазан айында қайырымдылық жасамақшы, деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық танымал шоумен қайырымдылық үшін костюмдерін аукционға салды

Отандық танымал шоумен қайырымдылық үшін костюмдерін аукционға салды

«Шоумен на миллион» атауымен танымал болған Талғат Самбай, желідегі парақшасында костюмдерін аукционға шығарды. Айтуынша сатылымнан түскен қаржыны желіде көмек сұрап танымал болған кішкентай Әлима Көпейдің еміне жұмсамақшы.
«Естеріңізде ме, мен ескі костюмдарымды он мың теңгеден бастап сатылымға қойып, түскен қаржыға бірінші маусым – балалар күнінде жетімдер үйінде мереке ұйымдастырмақшы болғанмын. Өкінішке орай қазір менингит вирусының кең таралуына байланысты, балалармен көрісуге тыйым салынған. Дегенмен, мен аукционды өткізіп, барлық қаражатты Әлима Көпейге жіберуге шешім қабылдадым. Алла шипасын берсін», - деп жазды парақшасында.

Шоуменнің өзі айтқандай «Сауапакция» кеше басталды. Талғат барлық костюмдерін желіге салды. Танымал асабаның оқырмандары «Жарайсыз! Ниетіңіз қабыл болсын», «Аллах разы болсын», - деп жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір