RU
Күйеуі мен енесіне ренжіген келіншек суға батып өлмек болды
Жаңалықтар Әлемде

Күйеуі мен енесіне ренжіген келіншек суға батып өлмек болды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда әйел отбасылық жанжалдардан кейін суға батып өлмек болған деп хабарлайды centralasian.org.

Өзен. Көрнекі фото: centralasian.org

Өзен. Көрнекі фото: centralasian.org

"Бәрі аяқ астынан болды. Мен қатты жабырқаулы болдым, тек жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар деп түсіндім. Өзімнің телефонымды қызыма бердім де, өзеннен секіріп кеттім. Бірақ үш жасар ұлымның аяқтарын көргенде, қатты шошыдым. Оны құтқару үшін жанталастым. Әрі қарай не болғанын білмеймін", - дейді суға секірген Яван қаласының 30 жастағы тұрғыны Хосият Шарифова.

Мамыр айының басында өмірмен қоштаспақшы болған әйел Сарикамыш өзеніне секірген кезде, артынан үш жасар ұлы да секіріп кеткен.

Олардың бақыттарына орай, өзен маңында жергілікті тұрғын Халим Кодиров жүрген. Ол анасы мен ұлын құтқарып қалды.

Әйел мұндай қадамға бұрынғы күйеуіне қарсылық ретінде амалсыздан барғанын алға тартты. Сегіз жыл бұрын тұрмысқа шыққан Хосият отбасылық өмірінде күйеуін бірнеше рет қана көрген. Себебі күйеуі отбасын асырау үшін шетелде жұмыс істеген.

"Күйеуім үнемі жұмыс істеп шетелде жүрді. Мен оның туыстарымен бірге тұрдым. Енем маған өте нашар қарады. Мені қаралау үшін кез келген сылтау табатын. Күйеуім ақша салмайды, соңғы рет телефон арқылы сөйлескен кезде, менімен тұрғысы келмейтінін айтты. Мені үйден қуып шықты", - дейді Хосият.

​Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
4
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel