RU
Қарағандыда ауызашардан соң есінен танғандардың неден ұшынғаны анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда ауызашардан соң есінен танғандардың неден ұшынғаны анықталды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда тұрғындардың астан ұшынуына бұзылған ет себеп болғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, жиырмадан астам адамға ауыз аштырған үй иесі етті дұрыс сақтамай бүлдіріп алыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Емхана. Көрнекі фото: vsezavisimosti.ru

Емхана. Көрнекі фото: vsezavisimosti.ru

Олар дастарханға қойылатын, құрамында кремі бар тәтті тоқаштарды бес күн бұрын сатып алып, тоңазытқышта сақтамағаны да белгілі болды.

Сиыр мен сүрленген жылқы етін сол күні ертеңгілік асып қойып, кешкі тоғыздан кейін ғана қонақтарына ұсыныпты. Ал сараптама сүр еттің бұзылып кеткенін анықтады.

Осы оқиғадан кейін уланып, жансақтау бөліміне түскен екі адамның беті қазір бері қарады. Дәрігерлер олардың барлығының да дене қызуының көтеріліп, іштері өткенін айтқан. Ұшынған 20 адамның арасында төрт бала да бар.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір