RU
Назарбаев сұғанақ шенеуніктерді аямауды талап етті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев сұғанақ шенеуніктерді аямауды талап етті

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын Ақордаға шақыртқан Нұрсұлтан Назарбаев күрестің тың жолын ойлап табуды тапсырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Назарбаев. Фото: Zakon.kz

Назарбаев. Фото: Zakon.kz

Қатардағы шенеуніктерден бастап, әкім, министрлерге дейін жемқорлық дауына ілігіп жатқаны таңсық жағдай емес. Еліміздің бас кабинетіне қалың құжат алып келген Алик Шпекбаев елбасыға олармен қалай күресіп жатқаны туралы есеп берді.

Президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін айтуда. Сол кезде жемқорлық жойылады деген үміт бар. Алайда, талай лауазымды шенділердің түрмеге жабылып жатқаны ешкімге сабақ болар емес.

Сондықтан Назарбаев қазына қаржысына қол сұққандардың шені мен шекпеніне қарамауды талап етті.

"Жемқорлыққа қарсы күрес бұрынғыдан да күшеюі керек. Әр жерлерде. Ең алдымен мониторинг жасап, басқа нарықтық әдістермен, қарым-қатынасты цифрлыққа өзгертетін болсақ, жемқорлыққа жол болмайды. Екінші жағынан жалақысын көтеру керек. Үшінші жағынан талап қою керек", - дейді президент.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel