RU
Атышулы Алғабастағы тағы бір үй тұрғындарға үлкен қауіп төндірді
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы Алғабастағы тағы бір үй тұрғындарға үлкен қауіп төндірді

Рассказать Вконтакте

Атышулы Алғабаста төрт қабатты нысанның сыртқы сылағы опырылып жатыр. О баста шала-шарпы салынған үй дауыл емес, желге төтеп бере алмапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Үй. КТК арнасынан кадр

Үй. КТК арнасынан кадр

Адамдар зардап шекпеді, алайда, ауыр құрылыс материалдары көліктерді бүлдіріпті. Пайдалануға берілгеніне небәрі екі жыл болған нысанның қалған сылағы да босап тұр.

Соған қарамастан, аумақ қоршауға алынбаған. Қаупі жоғары жерде балалар емін-еркін ойнап жүр. Жұрт кемшілігі бастан асатын бұл үйден пәтер алғандарына әбден өкініп қалыпты.

"Ертең үй құлап қалуы да мүмкін ғой. Келген кезде-ақ сапасына менің көңілім толмаған. Мына алдыңғы подьезі, міне, құлайын деп тұр. Оны көрген шығарсыздар", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Төрехан Исаев.

Расымен үйдің ішіне дейін жарықтар пайда болған. Тіпті, мұндағы өзге үйлердің де сыртқы қаптамалары құлағалы тұр.

"Тапсырыс беруші - құрылыс басқармасы. Сондықтан, үйді жөндеуге солар міндетті. Нысан пайдалануға берілетін кезде кем-кетігі көп болды. Біз бұл туралы бірнеше рет ескерткенбіз", - дейді Алматы тұрғын үй басқармасының инспекторы Рустам Смайылов.

Шенділердің сөзі бір-біріне қарама-қайшы болып шықты. Құрылыс басқармасы үйдің сапасы жайлы ешқандай ескерту алмадық дейді.

"Негізі жыл сайын КСК-ның жұмыскерлері үйдің сыртын, бәрін қарап шығуы керек. Қандай жөндеу қажет екенін. Егер де уақытында жөндеу жасалса, ондайға ұшырамаушы еді", - дейді Алматы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Айтмағамбетов.

Құрылыс компаниясы жауапкершіліктен сытылып кетті. Өйткені, кепіл мерзімі аяқталған. Амалсыз жөндеуді құрылыс басқармасы мойнына алды. Олар екі аптаның ішінде үйді ретке келтірмек.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір