RU

Қасиетті айда сахнаға төсін ашып шыққан ресейлік әншілер елге жақпай қалды (фото)

Кеше Астанада жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Open Air Astana" концерті өтті. Биыл елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған айтулы шараға отандық және ресейлік танымал әншілер қатысты. Олардың ішінде Ресейдің атышулы Анна Семенович пен Анна Седакова да бар еді. Қос әнші төсі ашық көйлек киіп, көрермен назарына өзіне аударды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Биыл "Ұлы дала бірлігі" деген атпен өткізілген концертке Астана халқы толығымен келді. Елорданың бас алаңында ине шаншар орын болған жоқ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қала халқы әсіресе сахнаға бірінен соң бірі шығып жатқан әншілердің өнеріне тәнті болды. Олардың арасында белгілі қазақстандық әншілер мен бірге Макс Барских, Джиган, Натан, Сергей Лазарев, Дима Билан сынды ресейлік өнер иелері де болды.

Төсі ашық көйлек киген ресейлік қос әнші көпшілікке жақпай қалды
Төсі ашық көйлек киген ресейлік қос әнші көпшілікке жақпай қалды: UGC

Ал сахна төріне Анна Седакова мен Анна Семенович шыққан сәтте көпшілік тіптен таңырқап қалды. Айта кетерлігі қос әнші де төстері ашық көйлекпен сахна төріне шықты. Астаналықтардың бірі мұндай көйлек жарасымды деп жатса, енді бірі "мұсылман еліміз, ұят қой" деген пікірлерін айтып жатты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ресейлік танымал әнші Анна Седакова алғашында ашық "декольтесі" бар қызыл көйлек кисе, кейін сырт киімін ұзын сұр түсті тағы бір сәнді көйлекке алмастырды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сол сияқты Ресейдің танымал әртісі Сергей Лазарев сахнаға күннің суықтығына қарамастан қысқа жеңді жейде киіп шықса, Диман Билан қара костюм шалбар киюді жөн көріпті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Концертте өнер көрсеткен отандық әншілер де өз образдарымен көпті таң қалдырды. Мәселен Ерке Есмахан ашық көк түсті костюм мен шалбар кисе, Мәдина Сәдуақасова қара-жылтыр түсті көйлек пен үлкен телпек киіп шықты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бұдан бөлек концертте атышулы Ninety one, Бейбіт Қошқалиев, Әлішер Каримов, Қайрат Нұртас сынды әншілер де өз өнерлерін көрсетті.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734444-kasietti-ajda-sahnaga-tsin-asyp-sykkan-resejlik-nsiler-elge-zakpaj-kaldy-foto.html