RU
Мешіттің қасында дүркіреп өткен концертке келген жұрт бас алаңға сыймай қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Мешіттің қасында дүркіреп өткен концертке келген жұрт бас алаңға сыймай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Кеше Астанада елорданың 20 жылдығына арналған "Open Air Astana" концерті өтті. Айтулы шарада еліміз бен Ресейдің таңдаулы әншілері қатысты. Концертке келген қала тұрғындарының көп болғаны соншалық, олар бас алаңға сыймай қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астананың парад сынды маңызды шаралары өтетін бас алаңда кеше ине шаншар болған жоқ. Тұрғындардың қарасы көп болғаны соншалық, шаһар тұрғындарының кейбірі концертті сыртта, тасада тамашалауға мәжбүр болды.

"Бүгін Астанада той. Тек жаңбыр себелеп, аздаған жел соғып әуре қылып жатыр. Бірақ көргендеріңіздей сахнада қаншама әнші өнер көрсетті. Жалпы келіп көруге тұрарлық концерт болды", - дейді астаналық тұрғындардың бірі.

Десе де елордалықтардың кейбірі тегін концертке келіп, бейәдеп "қылық" көрсететін шаһар тұрғындарына деген өз наразылықтарын да білдіріп жатты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Халық тегін концертке келгенде осылай жабайыланып кетеді. Ешкімді сынағаным емес, бірақ аз да болса мәдениет, әдеп деген болу керек қой? Жоқ барша жұрт сахнаға қарай үймелей береді. Қарасаңыздар мына жақта да алып экрандар бар, содан да көруге болатын еді", - деп кейіді елордалық жастар.

Айта кетерлігі "Open Air Astana" концерті осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы жылы концертте Ресейдің әйгілі Дима Билан, Сергей Лазарев, Анна Седакова, Анна Семенович, Джиган, Натан, "Градусы" тобы мен еліміздің Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Айқын, Кәмшат Жолдыбаева сынды әншілері өнер көрсетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel