RU

Танымал әншілердің концертінен қайтқан астаналықтар бір-бірін таптап кете жаздады (фото)

Астанада Ресейдің атышулы әншілері мен отандық эстрада жұлдыздары "Open Air Astana" концертінде өнер көрсетіп, жұртты әбігерге салды. Тегін концертке келген көпшіліктің қарасы қалың болғаны соншалық, олар бір-бірін таптап кете жаздады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мәдени шараға лек-легімен ағылған қала тұрғындарының қарасы тым көп болды. Олар бас алаңның төрінде әншілердің өнерін тамашалап қана қоймай, алаң жақтауларына дейін жағалай отырып алды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бір қызығы концертке келген көрермендерге әкімдік барлық жағдайды жасап қойған. Алаңда мынадай тамақтану орындары мен шырын-сусындар толып тұрды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Алаң маңын күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының саны да көп болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сол сияқты қала қонақтары мынадай "түсініксіз" кейіпкерлермен де көптеп суретке түсіп жатты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Өкініштісі алаңның кей тұстарына күні кеше ғана отырғызылған гүлзарлардың астан-кестені шықты. Тұрғындар гүлдерді таптап, ары-бері жүрумен болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қала тұрғындары бас алаңдағы "тазалықты" да аямады. Астананың бас көшесінің беті қоқысқа толып қалды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қызықтың көкесі концерт аяқталған тұста болды. Қала тұрғындары топ-тобымен алаң сыртына қарай беттеп, бір-бірін таптап кете жаздады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Абырой болғанда осынша халықты үйлеріне жеткізіп салатын қоғамдық көліктер көше бойында тізіліп тұрды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734446-tanymal-nsilerdi-koncertinen-kajtkan-astanalyktar-bir-birin-taptap-kete-zazdady-foto.html