RU
Бүгін еліміздің кей өңірінде үсік жүруі ықтимал
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің кей өңірінде үсік жүруі ықтимал

Рассказать Вконтакте

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, дауыл болып, желдің күшеюі, шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған "ҚазАқпарат".

Үсік жүреді

Үсік жүреді

Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қарағанды, Солтүсік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан жоғары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с күшейуі күтіледі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градуска дейін үсік күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір