RU
Астана тұрғыны келіні Сирияға алып кеткен 7 жастағы сіңлісін іздеп, шарқ ұрды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғыны келіні Сирияға алып кеткен 7 жастағы сіңлісін іздеп, шарқ ұрды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны Ләйлә Габдуллина бұрынғы келіні өзімен бірге Сирияға алып кеткен інісінің қызын іздеп шарқ ұруда. Айтуынша, 7 жастағы Аишаны анасы бұдан үш жыл бұрын ешкімге айтпай әкетіп қалған. Сириядағы сіңлісінің тағдырына алаңдаған Аишаның туыстары қайда барарын білмей дал болуда деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сирия

Кадр: Еуразия арнасы

Оның айтуынша, інісі Аишаның анасымен ажырасып кеткен соң, ол діни радикалды ағымдағы жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда оның екінші күйеуі қайтыс болып кетіп, келіні Айжан аз уақыттың ішінде балаларын алып Сирияға кетіп қалыпты.

«Оны іздеп, сұрау салмаған жеріміз жоқ. Барлық құзіретті органдарға хат жаздық. Бәрінен ол кетіп қалған, ал екінші күйеуінің көзі жойылды деген жауап келеді. Ал сонда ол кімнің артынан кетті? Үшіншісінің артынан кеткен", - дейді ол.
Сирия

Аиша. Кадр Еуразия бірінші арнасынан алынды

Інісінің жалғыз қызының өмірін ойлап, жылаған келіншек, оның табылатынына сенімді.

"Мен оның табылатынына сенімдімін. Табамыз оны. Мен тіпті оның екінші некедегі баласын да қабылдар едім. Біздің бала болмаса да, қабылдауға дайынмын", - дейді Ләйлә Габдуллина.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
19
5
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel