RU
Семейде тасқыннан зардап шеккен жұрт облыс әкіміне алдандық деп, шу шығарды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде тасқыннан зардап шеккен жұрт облыс әкіміне алдандық деп, шу шығарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейде көктемгі тасқыннан зардап шеккен Затон және Мирный кенттерінің тұрғындары жергілікті әкімдікке баса-көктеп кірді. Олар атқамінерлерден өздері уәде еткен қаражатты талап етуде деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Семей

Кадр: КТК арнасы

Айтуларынша, жұрт екі айдан бері көк тиын да көмек алмаған. Соның салдарынан, тұрғындар әлі күнге дейін көрінген босағаны жағалап жүр. Бастапқыда оларға бір айға жеткізбей толық өтеп беруге ант-су ішкен шенеуніктер қар жауып із басылғанда істі сиырқұйымшақтандырып жіберген.

Бүгінде жұрттың шыдамы таусылған. Сондықтан олар құрғақ уәдемен қуырдақ қуырған жергілікті атқамінерлерді өздері іздеп келді. Себебі, наурыз айының аяғында болған тасқынға екі ай уақыт өтсе де, үйіне зақым келгендер көк тиын өтемақы көрмеген. Жұрт тіпті білдей облыс әкімі алғашында белуардан су кешкен жұртты сабырға шақыру үшін алдап соқты деп ашынды.

"Даниал Ахметов келіп бірінші күні қашып кетті. Үш күннен кейін келем, коммисия жасаймын деген болатын. Сөзінде тұрмады. Джиптың ішіне отырып алды. Артынан басын көрдік. Көшені бір айналды да, тайып тұрды", - дейді Семей қаласының тұрғыны Серғазы Төлегентаев.
Семей

Кадр КТК арнасы

Осылайша, жұрт облыс әкімі тұрмақ шаһар басшысы Ермак Сәлімовті тасқын басылғанан кейін көрмегендерін айтуда. Тіпті көрінген босағаны жағалап, теңтіреп жүрсек те, хәлімізді білуге де жарамады дейді.

"Біз өзіміз далада қаңғып жүрміз. Үйдің асты көк сасыған су. Өзім бронходан ауырдым. Балаларым далада жүр. Киім-кешек көк сасиды. Халыққа көмектеспегенде, кімге көмектеседі?", - деп наразы болды тағы бір тұрғын Айтмұхан Әкімжанов.

Дүрліккен тұрғындарды әкімнің орынбасары қабылдады. Оның айтуынша, қала басшысының өзі Астанаға іссапармен кеткен. Ал орынбасар қарша бораған сұрақтың астында қалды. Тіпті ол бір жауапты мың қайталаумен болды.

"Мен айтып тұрмын ғой, үкіметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қарастырған 1 млрд 300 млн теңгелік жобасы бар. Тағы қайталап айтайын, бүгінгі үкімет отырысында бізге қатысты шешім қабылдануы тиіс", - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Жұрт арнайы комиссияның шешіміне де разы емес. Айтуларынша, олар үйлерді тым арзанға бағалап жіберген. Ал бүлінген баспананы қайта қалпына келтіру үшін берілетін 1 млн. теңге түкке де жетпейді дейді. Сондықтан ашынған тұрғындар қайтадан тексеру жүргізіліп, әділ шешім қабылданбаса, дәл әкімдіктің алдында аштық жарияламақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
1
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel