RU

Украинада ресейлік журналисті атып өлтірді

Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып кетті. Бұл жөнінде жергілікті полицияға сілтеме жасап Азаттықтың украин қызметі хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Аркадий Бабченко
Аркадий Бабченко: UGC

Полиция қаза тапқан журналистің аты-жөнін атамаса да, Бабченконың оққа ұшқаны жөнінде Facebook-та бірінші болып Айдер Муждабаев хабарлап қойды.

Оның сөзінше, Бабченкоға үйінде, арқасынан оқ атқан. Ал оның денесін әйелі тауып алған. Алайда журналист "жедел жәрдем" көлігінде көз жұмған.

Айта кетейік, Аркадий Бабченко былтыр Ресейден кеткен. Ол белгілі бір уақыт шетелде тұрғанын жөн санаған. Соңғы уақытта қырым-татарларының ATR каналында жүргізуші болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734467-ukrainada-resejlik-zurnalisti-atyp-ltirdi.html