RU
Ұшақта бар дауысымен дұға оқыған жолаушы стюардессаның басынан қасиетті кітаппен бір-ақ ұрды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Ұшақта бар дауысымен дұға оқыған жолаушы стюардессаның басынан қасиетті кітаппен бір-ақ ұрды (видео)

Рассказать Вконтакте

Австралия тұрғыны Мельбруннен Брисбенге ұшып бара жатқан Superjet жолаушылар ұшағында шу көтерген деп хабарлайды life.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұшақ әуеге көтеріліп, 20 минут өткен соң әйел Библия кітабын қолына алып, қатты дауыспен оқып, әндеткен.

Оның қатты айғайлағанынан балалар шошып кеткен. Бүлдіршіндер жылай бастағанда ұшақ ішінде айғай басталған.

Әуе кемесінің қызметкерлері 47 жастағы жолаушыға тыныштық сақтауын өтінгенімен, ол оған көнбеген. Ал стюардесса оған жақындай бергенде жолаушы оны Библия кітабымен бірнеше рет ұрып жіберген.

Көмекке жолаушы болып отырған полиция қызметкерлері келген. Олар әйелді көндіріп, ұшақ қонғанға дейін бөлек ұстап отырған. Ұшақ жерге қонғасын жолаушыны жедел жәрдем қызметкерлері психиатриялық талдау жасау үшін ауруханаға алып кетті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
7
0
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір