RU
Ұйықтар алдында компьютерде ұзақ отыру қауіпті болып шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ұйықтар алдында компьютерде ұзақ отыру қауіпті болып шықты

Рассказать Вконтакте

Гарвард университетінің бір топ ғалымдары түн уақытысында компьютер мен планшеттерге жабысып отырудың қауіпін анықтады. Олар жүргізген ауқымды зерттеу жұмыстарынның нәтижесінде, электроника құрылғыларын түн жарымда қолдану адам ұйқысы мен организмінің тәуліктік ритмін бұзуына себепкер екені анықталды деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұйықтар алдында компьютерде ұзақ отыру қауіпті болып шықты

Ұйықтар алдында компьютерде ұзақ отыру қауіпті болып шықты

Ғылыми зерттеуге 22 мен 28 жас аралығындағы әйелдер мен ерлер қатысқан. Олардың бір тобы бес күн бойы түн уақытысында теледидар немесе планшеттерді қолданса, қалғандары өз уақытысын кітап және газет-журналдарды оқып өткізді.

Нәтижесінде, сәуле өндіруші гаджеттердің ұйқтау жылдамдығына кері әсері мол екені анықталды. Компьютер алдында отырғандар күнделікті ұйықтау уақытысынан жарты сағат кеш жатқандарын ескертіп кеткен.

Оған қоса, зерттеуге қатысқандар таңертең ұйқыларын әрең қиып, кешкі уақытта керісінше сергек жүретіндерін айтты.

Ғалымдар электронды техникалардың мелатонил ұйқы кезеңі мен сергектігіне жауап беретін гормонның жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін де дәлелдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel