RU
Астаналық тұрғын із-түзсіз кеткен ағасымен 63 жылдан кейін қауышты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық тұрғын із-түзсіз кеткен ағасымен 63 жылдан кейін қауышты (фото)

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны Марат Манасбаев жоғалып кеткен ағасымен 63 жылдан кейін қайта жолыққан. "Казахстанская правда" республикалық газетінің интернет-редакциясында жауапты редактор болып жұмыс істейтін азамат ағасының өзі дүниеге келмей тұрып жоғалып кеткенін айтты деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Марат, Совет Манасбаевтар. Фото-коллаж: NUR.KZ

Марат, Совет Манасбаевтар. Фото-коллаж: NUR.KZ

Манасбаев бұл кездесудің қалай өткенін Facebook парақшасында жариялады.

"Өткен жолы айтқан ағаммен ақыры кездестім. Оның үйден кетіп қалғанынан бері 63 жыл өтіп кетіпті. Ол мен дүниеге келмей тұрып жоғалған. 1955 жылы із-түссіз жоғалған менің немере ағам Совет 63 жылдан кейін табылды. Ол соғыста жоғалып кеткен жоқ. Соғыс кезінде оның әкесі - менің әкемнің ағасы Аққазы жоғалып кеткен еді. 1941 жылы майданға төрт ағайынды: Аққазы, Құсайынғазы, Нұрғазы мен Хасен кеткен болатын. Соғыстан тек екеуі - менің әкем мен бауыры Хасен оралды.

Совет Манасбаев. Фото: Facebook

Совет Манасбаев. Фото: Facebook

Совет сегіз жасқа келгенде анасы жасында көз жұмған. 1955 жылы қандай жағдай болғанын біз білмейміз. Бірақ, менің қайтыс болған анамның айтуынша, сол кезде ес жиып қалған жас жігіт ешкімге тіс жармай, үйден кетіп қалған. Содан бері одан бір хабар болмаса керек. Бала кезімде киім тігіп отырып, шешемнің жиі көз жасына ерік беріп отырғанын көретін едім. Біз үйде тоғыз бала болдық. Әкеміз ерте кеткеннен кейін ол бізді жалғыз өсірді. Біз оны тірліктің қамытын көтере алмай, жылайды деп ойлайтын едік. Алайда ол көз жасын сүртіп, есіне "Соқыр Совет" түсіп кететінін айтатын еді», - дейді Марат Манаспаев.

Манасбаев. Фото: NUR.KZ

Манасбаев. Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, Астана тұрғыны туысқанын кездейсоқ тауып алған.

"Советтің Алматыда тұрып жатқан қызы Люция менің інім Алмас Манаспаевқа хабарласқан. Кейін бәрі белгілі болды - Совет біздің жоғалып кеткен ағамыз болып шықты. Осы уақытқа дейін ол Астанадағы қырқыншы стансада тұрып жатқан екен. Бір сөзбен, 20 жыл жап-жақын жерде өмір сүріп жатқанымызбен, бір-біріміз туралы ештеңе білмеппіз", - деп ағынан жарылды Манасбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір