RU
Тұрғын мешіттегі ауызашарда үлкендерге орын бермейтін балалардың әрекетіне күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Тұрғын мешіттегі ауызашарда үлкендерге орын бермейтін балалардың әрекетіне күйінді

Рассказать Вконтакте

Интернет желісіне ауызашар жөнінде өз пікірін білдірген әйелдің аудиожазбасы таралып кеткен. Азаматша қасиетті айда орын алып жатқан келеңсіздіктер жайлы айтып, оларды шешу жолдарын қарастыруға шақырды деп хабарлайды Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: StanRadar

Фото: StanRadar

Әйел адам Рамазан айында мешіттерде берілетін ауызашарларда жиі болып тұратын келеңсіздіктерді жайып салды. Оның айтуынша, құдай үйіне ораза ашуға келген үлкен кісілерге мүлдем орын табылмай жатады. Оған басты себеп - топырлап келіп жатқан балалар легі болған.

"Мешіттерде болып жатқан келеңсіз жайттарды мәдени тұрғыда біреулер шешшсе деймін. Өйткені ауызашарларға келіп жатқан балалар өздерін өте мәдениетсіз ұстайды. Ауызашарларда намаздан шыққан жамағатқа орын жетпей қалып жатады. Бұл жағдайдың орын алуына басты себеп - балиғат жасына толмаған балалардың келіп отырып алуы болса керек. Сондықтан намаздан шыққандардың кейбірі ауызашарға қарамай кетіп қалды" , - деп айтты оқырман.

Азаматшаның ойынша, бүгінгі күні балалар айтқан сөзді тыңдағанды мүлдем қойған.

"Ауыз ашуға келген жамағатты сыйғызу үшін қазіргі кезде үлкендер балаларды тіпті қой сияқты қайыруға мәжбүр болған", - деп ашынды ол.

Балалардың құдай үйіндегі шектен тыс әрекеттерін бір тәртіпке салған жөн деген ой білдірді әйел адам.

"Ауызашарда топырлап жүрген балалар қарасы үлкендерді сыйлау дегеннен жұрдай болып кетті. Намаздан шыққандар орын таппай жүргенде былқ етпестен өз орнында отырa береді. Мұндай келеңсіздіктер бір тұрғыдан қарастырылып, бұл мәселені шешу жолдары белгіленсе деген ниет менде", - деп қорытындылаған әйел адам.

Оның айтуынша, бұл проблема асқынбай тұрғанда оны бір тәртіпті ету керек. Ауызашар кезінде мұсылман әдебінің бұзылмауы балалардың саналарына кішкентай кезінен бастап құйылғаны абзал.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
0
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір