Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тіліңді жұлып алам: Дильназ Ахмадиева өзін сынаған оқырманына сес көрсетті

Опубликовано:

Отандық әнші Дильназ Ахмадиева өзіне сын айтқан оқырманына сес көрсетті. Әнші негізсіз жала жапқан желі қолданушысын тауып алатынын айтып, қорқытты деп хабарлайды NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева. Фото: Instagram
Дильназ Ахмадиева. Фото: Instagram: UGC

Әнші Instagram парақшасында өзіне жазылған белгісіз әйелдің сөздеріне шыдай алмаған.

"Сізге ескертемін. Өзіңізде бәрі дұрыс па? Менің парақшамды үнемі қадағалап отырасыз ба? Өз сөзіңізге жауап беріңіз. Әйтпесе, сізді тауып, тіліңізді жұлып аламын. Ал енді менің оқырмандарыма сұрақ: Сіздер менің Нәзима жайлы жазбамды көрдіңіздер ме?", - деді әнші.

Айта кетейік, әншіні белгісіз оқырман Нәзима Жәнібекова жайлы пост салмағаны үшін айыптаған. Тіпті әншінің әндері 20 жылдан бері хитке айналмағанын айтып, Ахмадиеваның намысына тиетін сөздер айтқан. Өзіне келген бұл хатқа шыдай алмаған әнші, оқырманына сес көрсетіп, жауап қайтаруды жөн деп тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734486-tilidi-zlyp-alam-dilnaz-ahmadieva-zin-synagan-okyrmanyna-ses-krsetti/

pixel