RU
Елімізге танымал тележүргізуші 10 жылдан соң таңғы эфирге қайта оралды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Елімізге танымал тележүргізуші 10 жылдан соң таңғы эфирге қайта оралды (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін "Таңшолпан", "Әйел бақыты", "Қазақстан дауысы", "Ой мен ойын" секілді танымал тележобаларда көрермен назарына іліккен Әйкерім Есенәлі декреттік демалыстан соң эфирге қайта оралды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram

Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram

Ол қазір Қазақстан ұлттық арнасындағы "Таңшолпан" жобасын жүргізеді. Журналист бұл қуанышымен Instagram парақшасы арқылы бөлісті.

"Араға он жыл салып "Таңшолпанның" тізгініне оралдым", - деп жазба қалдырды Әйкерім.

Журналистті жаңа жұмысқа жоба жетекшісі, Жансерік Бейсеев шақырған. Әйкерімнің эфирге оралуын жылы қабылдаған жұртшылық эфирдегі әріптесі Гүлнұр Оразымбетованың орнына келді деп болжам жасап та үлгерді. Алайда, Әйкерім Есенәлі мен Гүлнұр Оразымбетова бірге эфир жүргізеді.

Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram

Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram

Естеріңізде болса, Әйкерім өткен жылы тележүргізуші Әнуарбек Жалелге тұрмысқа шыққан болатын. Ал күз айында олардың қызы өмірге келді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel